26/02/2026
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде мемлекет азаматтарға мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін (ТМККК) қамтамасыз етеді. Бұл — бюджет қаражаты есебінен халыққа тегін көрсетілетін медициналық қызметтер.
Біздің ұйым ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне сараптама жүргізеді, медициналық қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
Біздің орталық:
• медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізеді
• көрсетілген көмектің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалайды
• санитариялық және медициналық талаптардың сақталуын бақылайды
• пациенттердің сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғауға ықпал етеді
• денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысады
Біз халық үшін медициналық қызметтердің қауіпсіздігі, қолжетімділігі және сапасын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргіземіз.